Алпыс атты талтүстің асқаралы асуына өз биігінде жетіп отырған биология ғылымдарының докторы, Халықаралық білім беру академиясының корреспондент-мүшесі, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Әйіп Ысқақтың өмірі мен еңбек жолдарына үңілетін болсақ, кәсіби біліктілігін, адами болмысын, парасат-пайымын, ойлау машығын ұлтжандылық ұстанымынан бөле-жара қарау әсте мүмкін емес. Ғылымның қия жолында іргелі ізденістерімен көзге түсіп, құнды ғылыми еңбектер жазып келе жатқан ол жайлы әңгімені нақ осы тұрғыдан өрбітуіміздің өзіндік сыры бар. Бабаларымыз «ананың сүтімен келмеген, тананың сүтімен енбейді» деп текке айтпаса керек.
Жақында жазушы Баянғали Әлімжановтың Мәскеуден, «Художественная литература» баспасынан «Сказ столетнего степняка» атты орыс тілінде жазған кітабы шықты. 432 бет, 1000 дана. Алғы сөзін қазақ әдебиетінің тілектесі, академик қаламгер, Ресей жазушылар одағының хатшысы Георгий Пряхин жазыпты. Оқырман назарына Пряхиннің қазақ жазушысының шығармасы туралы пайымды пікірін ұсынып отырмыз.
Қоғам • 21 Ақпан, 2019
Бүгінде басыңда баспанаңның болу-болмауы әлеуметтік жағдайыңның, қоғамдағы орныңның, материалдық-қаржылық ахуалыңның белгісі іспетті. Жеке пәтері бар адам өзін ауқатты демей-ақ қояйық, әйтеуір қаржысы жеткілікті адам ретінде сезінетіндей жағдайға жетті. Тіпті 10-15 жылдай уақытша баспанада тұрып, кейін әупірімдеп жүріп пәтер алғандар кәдімгідей мақтанып, бұл әрекетін үлкен ерлікке балап жүр. Демек, бүгінгі қоғамда баспана әлеуметтік жағдайдың индикаторы болып тұр.
Әлем • 21 Ақпан, 2019
«Азияның 100 сымбатты жігіті»: Димаш Құдайберген 6-орын иеленді
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 100 Asian Heartthrobs 2019 рейтингінде алтыншы орын иеленді.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2019
Адамдары автобуспен жүретін қала бақуатты
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің тұрғындармен есептік кездесуінде шаһардағы әлеуметтік инфрақұрылыммен бірге көптеген өзекті жайттар, әсіресе қала экологиясының мәселесі қанша шаралар қабылданып жатса да шешілмей, керісінше үдей түскені кеңінен сөз болды.