Спорт • 21 Ақпан, 2020
Күрес: Аруларымыз сегіз жүлде алды
Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатын Қазақстанның әйелдер құрамасы сегіз жүлдемен қорытындылады. Жарыстың алғашқы күні аруларымыз төрт қола медальді иеленсе, екінші күні екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алдық.
Тағайындау • 21 Ақпан, 2020
Рүстем Дәулет Қордай ауданының әкімі болып тағайындалды
Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Жамбыл облысы Қордай ауданына әкім болып Рүстем Дәулет тағайындалды.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Бейбіт жиындар позицияны ашық білдірудің құралы
Жұма күні Петропавл қаласына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов, министрліктің заң департаменті бастығының орынбасары Әділбек Мұхамбетқалиқұлы келіп, «Азаматтық альянс қауымдастығы» мүшелеріне, саяси партиялар өкілдеріне және басқа да белсенді азаматтарға «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» заң жобасын түсіндіріп, әңгіме өткізді.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2020
Елжан Біртанов Қытай елшісімен кездесті
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Өзбек ағайындар той шығындарын шектей бастады
Орталық Азияның барлық елдерінде шамадан тыс ауқымды отбасылық мерекелер мәселесі ұзақ уақыттан бері бар, бірақ кейбіреулер оны кейбір мифтік дәстүрлер үшін қолданады. Мысалы, Қырғызстанда түрлі есеп бойынша, жылына шамамен екі миллиард доллар, яғни елдің сыртқы қарызының жартысына жуық ақша той-томалақ өткізуге жұмсалады екен. Ал қазақстандықтардың тойға жұмсаған шығандары сыртқы қарызымыздың қанша пайызын құрайтынын әлі ешкім есептеп үлгерген жоқ. Той шығыны қазақ-өзбекпен салыстырғанда аса ерекшелене қоймайтын өзбек бауырларымыз үнемделуді, белді бекем бууды тойдан басатамаққа кірісіп кетті.