Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

Елжан Біртанов Қытай елшісімен кездесті

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Елжан Біртанов Қытай елшісімен кездесті

Кездесу барысында тараптар коронавирус бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайды және вирустың таралуына қарсы жүргізіліп жатқан шараларға қатысты бірқатар мәселені талқылады. Елші Чжан Сяо Қазақстандағы вирустың алдын алу жұмыстарын жоғары бағалады.

- Жаңа коронавирус қанша қауіпті  болса да, біз оны емдей аламыз. Жеңістің ауылы алыс емес екеніне сенімдімін.  Біз жауапкершілікті, бірінші кезекте, көрші елдер алдындағы  жауапкершілікті жақсы түсінеміз. Қазақстан - Қытайдың басты сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Және Қазақстан Үкіметі коронавирусқа қарсы күрес бойынша уақытылы және дер кезінде  өте дұрыс шаралар  қабылдады, – деді дипломат.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та Қытай халқына қолдау білдірді.

- Қытай халқының аталған вируспен күрес жолындағы  ерлігін жоғары бағалаймыз. Әсіресе, Қытайдың медициналық қызметкерлерінің батылдығы мен өз жұмысына  жан-тәнімен берілгендігін  ерекше атап өткім келеді, олар  мыңдаған адамдарды құтқаруда. Сіз арқылы  қытайлық әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Біз барша  дәрігерлерге, әрине, достас Қытай халқына талмас  шыдамдылық пен елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ертерек  жақсаруын тілейміз, - деп түйіндеді өз сөзін ведомство басшысы.

Тараптар коронавирусқа қарсы күресті  және оның  Қазақстанда таралуына  жол бермеу  жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.