Абай • 21 Ақпан, 2020
Абай музейі жәдігерлері Сырға жетті
Қызылордадағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты көшпелі көрме ашылды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына аясындағы шараны «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе ұйымдастырып отыр.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Алматыда мүгедектігі бар балаларды оңалту мәселелері талқыланды
Алматыда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарынан келген жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау және білім басқармалары басшылары орынбасарларының қатысуымен «Оңалту процестерінің ұйымдастырушылық және технологиялық негіздері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Елордада «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды
Қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамдарын қайтадан жаңғырту мақсатында Достық үйінде «Рухани жаңғыру - ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Семейде студенттер жатақханасы өртенді
Семей қаласындағы жоғары оқу орны жатақханаларының бірінде өрт шықты. Бұл туралы Семей қаласының ТЖБ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы: Қостанайда үшінші томның тұсаукесері өтті
Тарихи-танымдық маңызға ие құнды еңбекке Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарының киелі жерлері, тарихи оқиғалар өткен қасиетті орындар, табиғи ландшафттың ерекше ескерткіштері мен ұлттық кұнды мәдени мұралар енген.