Аймақтар • 21 Ақпан, 2020

Семейде студенттер жатақханасы өртенді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы жоғары оқу орны жатақханаларының бірінде өрт шықты. Бұл туралы Семей қаласының ТЖБ баспасөз қызметі хабарлады.

Семейде студенттер жатақханасы өртенді

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сәйкес, оқиға бүгін сағат 13:00 шамасында Физкультурная көшесінде болған. Өрт жатақхананың 6-қабатында шыққан. Жиһаз бен төсек-орынды шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 10 шаршы метр болған. Ғимараттағы 80 адам өрт тұтана салысымен сыртқа шыққан.

- Адамдарды эвакуациялауға көмектесіп жүріп, ащы газ иісін көп жұтып қойған 1972 жылғы күзетші уланып, ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен 6 автоцистерна жұмылдырылды. Жалын сағат 13:31-де толықтай өшірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану немесе электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы себеп болуы мүмкін, - делінген хабарламада.