Спорт • 21 Ақпан, 2020
Күрес: Үш аруымыз алтын медаль үшін таласады
Бүгін әйелдер күресі өкілдері Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатын қорытындалайды. Біз үшін қуанышты жағдай – үш аруымыздың ақтық сынға жолдама алуы.
Саясат • 21 Ақпан, 2020
Қазақстан мен Сербия жастар саясаты және спорт шеңберінде ынтымақтастықты жандандыруда
Қазақстан мен Сербия арасындағы жастар саясаты мен спорт саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Жастар және спорт Министрі Ваня Удовичичпен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Алматыда Mining СІub юниорлардың геологиялық барлау тақырыбына арналған кездесуін өткізді
Алматыда өткен Mining СІub кездесуіне тау-кен өндірісі саласының мамандары юниорлық компаниялар нарығын дамыту және Қазақстанның геологиялық барлау саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Кәсіпқойлар кездесуіне 80-нен астам қатты пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлаудағы юниорлық және сервистік компаниялар, Қазақстанның ірі тау-кен өндіру кәсіпорнының басшылары мен мамандары, Қазақстанның бейінді тізімдемелерінің өкілдері, шетелдік мемлекеттердің тәуелсіз сарапшылары мен сауда миссиялары қатысты.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2020
«Diamond Princess» лайнеріндегі екі қазақстандық ертең елге оралады
Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің ақпаратына сәйкес, бүгін «Diamond Princess» круиздік лайнерінде болған тағы екі азаматымыз жерге түсірілді. Олар қазір Токио қонақ үйлерінің бірінде демалуда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 21 Ақпан, 2020
Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ниетті
Ташкент қаласында «Uzbekistan Airports, Aviation & Logistics Forum 2020» халықаралық авиация-логистикалық форумы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Эльяр Ганиевпен, Әуе көлігін дамыту департаментінің бастығы Ұлықбек Бекташевпен, сондай-ақ «Uzbekistan Airports» АҚ Басқарма төрағасы Ровшан Исмаиловпен кездесуі өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.