Қазақстан • 21 Ақпан, 2020

«Diamond Princess» лайнеріндегі екі қазақстандық ертең елге оралады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің ақпаратына сәйкес, бүгін «Diamond Princess» круиздік лайнерінде болған тағы екі азаматымыз жерге түсірілді. Олар қазір Токио қонақ үйлерінің бірінде демалуда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Diamond Princess» лайнеріндегі екі қазақстандық ертең елге оралады

- Лайнерде болған біздің барлық азаматымыз коронавирусты анықтайтын тесттен өтіп, нәтижелері теріс шықты. Олар ертең елге оралатын болады деп күтілуде. Біздің Токиодағы дипломаттар лайнерде Қазақстанның азаматтары бар екені белгілі болған кезден бастап олармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетті, - делінген хабарламада.