Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтық авиациясын дамыту перспективаларын, оның ішінде Қазақстанның әуежайларында енгізілген «ашық аспан» режимі аясында шетелдік әуе компанияларды тарту бойынша қабылданған шараларды талқылады.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын одан әрі кеңейту қажеттілігін растады. Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасында рұқсат етілген жиіліктер санын арттыру, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның әуе тасымалдаушылары үшін екі елдің аумағында жаңа тағайындау пункттерін қосу бойынша жұмысты жалғастыру уағдаластыққа қол жеткізілді.