Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Қарағандыда қорықшы Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шығарылды
Қарағанды қаласында «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары Ерлан Нұрғалиевті өлтірді, Петр Ницыкты өлтіруге оқталды және топтасып заңсыз аң аулады деген айып тағылған Қызылорда облысының жеті тұрғынына қатысты сот үкімі шығарылды. Атап айтқанда, айыпталушылар Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіковке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сотталғандар жазаны қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2020
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Үндістанда халықаралық сыйлыққа ие болды
Нойда қаласындағы Амити университетінде «Өзгеріске шақыру: технологиялық қоғамдардағы бизнесті басқару стратегиясы» INBUSH ERA-2020 Бүкіләлемдік саммиті өтті. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 21 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды (видео)
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Қазақстан Президенті бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Елордада кімдерге тіс протезі бойынша тегін қызмет көрсетіледі?
Қалалық мәслихатының шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек шеңберінде бағалы металдардан жасалған протездерден басқа тіс протездеу түрлері бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Әлем • 21 Ақпан, 2020
Түмен облысында екінші онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады
Бүгін Халықаралық ана тілі күні орай Ишим қаласында онлайн қазақ сыныбы ашылды, деп жазады Egemen.kz