Аймақтар • 09 Ақпан, 2018
Әулиеата өңірінің әлеуеті айтарлықтай
Жыл аяқталып, он екі айдың соңғы күні тәмамдалған тұста өңірлердің көрсеткіші шығып, өзекті мәселелері сараланады. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің маңызы зор. Ал оң нәтиженің қай кезде де өңір үшін өрге бастайтын жол екені белгілі.
Қазақстан • 09 Ақпан, 2018
Жақында интернетті ақтарып отырып, миында сәулесі бар адамды үлкен ойға жетелейтін мағыналы бір дүниеге тап болдым. Онда будда, мұсылман, христиан, соның ішінде католик діндерінің арасындағы айырмашылықтар жайлы айтылған екен.
Қазақстан • 09 Ақпан, 2018
ІІМ кинологтарды оқыту курсын бастады
Ішкі істер министрлігі Кинологиялық орталығының базасында америкалық нұсқаушылардың қатысуымен кинологтардың жұмыс қағидатымен танысу бойынша оқу курстары басталды. Бұл курстар кинологиялық бөліністерге қызметке орналасқан жас қызметкерлерді қызметтік-іздестіру иттерімен есірткілерді іздеуге дайындауға бағытталған.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2018
Семейде тұрағы жоқ адамдар назарға алынды
Бұл заманда қаңғыбас болып жүретін тіршілікке кейбір адамдар көндіккен. Олар күн сайын көз алдыңызда қоқыс жәшіктерін қарап жүреді. Киім-кешек, қалдық тамақ, жыртық болса да жылы көрпе іздейді. Десек те, далада өмір сүру қауіпті. Семейде алты ай бойы қыс жатады. Ал қарапайым тілде «бомж» атанып кеткен жандардың тірлігін барлығымыз да көріп жүрміз. Желдің өтінде, суықтың үстінде жұқа киіммен жүреді.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2018
Атырау облысында аймақтағы балық шаруашылығының жай-күйі талқыланды
Бес жыл бұрын Атырау облысындағы балық аулау көлемі 15 мың 750 тонна болған еді. Қазір 10 мың 900 тонна. Кәсіптік балық аулауға бөлінетін лимит екі есеге дейін азайды, солай бола тұра әлі күнге толық игерілген емес.