Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Ақтөбеде «Аналар аманатын» арқалаған көрме-сату алаңы ашылды
Бүгінде не көп, әр түрлі іс-шаралар мен жиындар, фестивальдар мен конференциялар көп. Алайда мұндай басқосулардың бәрі бірдей ел-жұртқа нақты пайдасын тигізе бермейтіні де жасырын емес. Әйтсе де биылғы ақпан айында Ақтөбеде өткізілген «көрпеfest» мегафестивалі жөнінде бұлай дей алмаймыз. «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, белгілі қазақстандық қолөнер шебері Ырза Тұрсынзаданың бастамасымен өткен үш күндік фестивалі кезіне жиырмадан астам үлкен қалың көрпе, 150 жастық және екі жүзден астам шағын-көрпе төсеніштер тігілген еді.
Спорт • 21 Ақпан, 2020
Күрес: Аруларымыз алғашқы күні төрт жүлде алды
Үндістанның астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнін Қазақстанның әйелдер күресі өкілдері төрт қола медальмен қорытындылады.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Батыс Қазақстан облысында 2019 жылы негізгі 7 әлеуметтік-экономикалық бағытта өсу байқалған.
Сұхбат • 21 Ақпан, 2020
Ержан Нұрымбет: Әртіс әлемі жұмбақ болуы керек
Кей актерлер болады, сахнаға жалқы сәт шығып, жарқырап жүректе жатталатын. Шағын эпизодтық рөлінің өзі басты кейіпкерлермен бәсекеге түсіп, бәсі биікте салтанат құратын. Олар ойнамайды, кейіпкерімен өмір сүреді. Тұлғасы тұтасымен өнердің өзіне айналып кетеді. Сахна мен экран бірдей сүйетін ондай талант санаулы. Замандас сахнагерлер арасындағы сол аздың алды – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері Ержан НҰРЫМБЕТ десек, артық айтқандығымыз емес.
Саясат • 21 Ақпан, 2020
Алматы облысында жүргізілген сараптама нәтижесінде өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрбір алтыншы дерек мемлекеттік сатып алу саласына қатысты екендігі анықталған.