Тарқатып айтсақ, 50 кило салмақтағы Валентина Исламова жартылай финалда жапониялық Михо Игарашиден 3:5 есебімен ұтылды. Үшінші орын үшін тарыста ол вьетнамдық Тхи Нгуенді айқын басымдықпен ұтты.
Дәл сол межеде сүрінген 55 кило салмақтағы Марина Зуева шешуші тұста жапон қызы Кана Хигашикавадан айласын асырып, қола медальді мойнына ілді.
59 кило салмақтағы Мадина Бақбергенова мен 76 кило салмақтағы Елмира Сыздықова да үшінші сатыға табан тіреді. Қола жүлде үшін тартыста Мадина жапониялық Юми Конды қапы қалдырса, моңғолиялық Ариунжаргал Ганбаттың тас-талқанын шығарды.
Жерлестеріміздің арасынан тек 68 кило салмақтағы Әлбина Қайыргелдинова ғана жүлдесіз қалды.