Әлем • 22 Ақпан, 2021
Нөсер жауын кезіндегі су тасқыны салдарынан Индонезия астанасының 1 300 тұрғыны үйін тастап кетті. Бірнеше өзен деңгейі көтеріліп, көптеген кварталды су басты. Джакартаның бірнеше ауданында көтерілген су деңгейі екі метрден асты.
Руханият • 22 Ақпан, 2021
Шыңға қонақтаған тау суындай сарқылмайтын, кемеліне келіп, кемерінен асса да әлі де әдебиетке олжа салуға асық жан. Қарттық келіп қасына түстенсе де, салалы саусағы қаламнан ажырағанша қазаққа қызмет қылмай қоймасы анық. Шығармашылық қуаты дауыл тудырған толқындай тегеурінді. Қаламға мәңгі серт еткен тұлғаның біз меңзеген биік өреден көрінбеуге хақысы жоқтай. Ол жай отындай сананы сілкіген, оқыған сайын мызғып жатқан ми қатпарын қайта қопарып, көңіл көзесіне таным құяды. Бүгін біз белгілі жазушы Ұзақбай Доспанбетов жайлы ойымызды ортаға салмақпыз.
Әлем • 22 Ақпан, 2021
Мьянмадағы наразылық үдей түсті
Елдегі ірі қалалардың бірі – Мандалайдағы наразылықтардың арты қантөгіспен аяқталды. Екі мьянмалық оқиға орнында жан тапсырды. Еуропалық одақ сияқты халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығы Мьянма қарулы күштеріне тосқауыл бола алған жоқ.
Руханият • 22 Ақпан, 2021
Еуразия Ұлттық университетінде «Салық Зиманов: азамат, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Өнер • 22 Ақпан, 2021
Жамбыл тойына дайындық барысымен танысты
Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толмақ. Осы орайда елімізде жүз жасаған ақынның мерейтойын атап өту шарасы қолға алынды. Руханият пен мәдениет саласындағы ілкімді іс Алматы облысынан бастау алмақшы. Әрі бұл ақынның кіндік қаны тамған Жетісу өңірі үшін үлкен жауапкершілік болып отыр.