Парламент • 21 Ақпан, 2020
Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен туризмге қатысты заң жобасы талқыланды. Палата Спикерінің пікірінше туризм елдің экономикалық өсуінің жаңа драйверіне айналуы керек, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Экономика • 21 Ақпан, 2020
3,3 млрд теңге жергілікті тауарларды сатып алуға жұмсалды
«ҚазТрансОйл» АҚ отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр. Кәсіпорынның былтыр сатып алудағы жергілікті қамту үлесі еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды ескергенде 74 пайызды құрады және жиынтығы 105 млрд теңгеден асты.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
ХІХ ғасырдың басында патша өкіметінің тапсырмасымен қазақ даласының құнарлылығын және халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған экспедицияны басқарған Федор Андреевич Щербин өзінің «Киргизская народность в местах крестьянских поселений» атты жазбасында қазақтардың 12 түрлі жақсы сипатын атап көрсетіпті. Соның ішінде «мұндай бауырмал халық әлемде некен-саяқ кездеседі» деген анықтама бар.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
«Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы Шымкентке келді
Жеңістің 75 жылдығына орай еліміздің барлық өңірлерінде түрлі эстафеталар жалғасуда. Осы айтулы дата аясында үшінші мегаполистегі Даңқ аллеясында Шымкент гарнизоны Алматы қаласынан даңқты панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесін салтанатты түрде қабылдап алды. Ту көшірмесін Қазақстан әскери-тарихи музейінің Алматы қаласындағы филиалы ұсынып отыр.
Руханият • 21 Ақпан, 2020
Музыкалық мәдениет – мектептен
Қазір отандық баспасөзде «орыс мектебі» деп жазатын тілшілерді байқаймын. Әлбетте, елімізде білім беру нысанына қатысты «орыс мектебі» деген паспорт берілмейтінін есте ұстаған абзал.