Экономика • 21 Ақпан, 2020

3,3 млрд теңге жергілікті тауарларды сатып алуға жұмсалды

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«ҚазТрансОйл» АҚ отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр. Кәсіпорынның былтыр сатып алудағы жергілікті қамту үлесі еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды ескергенде 74 пайызды құрады және жиынтығы 105 млрд теңгеден асты.

3,3 млрд теңге жергілікті тауарларды сатып алуға жұмсалды

«ҚазТрансОйл» АҚ бас ди­рек­торының орынбасары Шың­ғыс Сейсекеновтің айтуын­ша, 2019 жылы қолданыстағы ұзақ­м­ерзімді шарттарға қосым­ша компания отандық тауар өндірушілермен 500 млн тең­геден астам сомаға тағы 5 ұзақ­мерзімді шарт жасасқан. «Бұл өндірістік және кадрлық ресурс­тары бар компаниялардың тауар­лары мен қызметтерінің сапасы біздің өндіріс талаптарына сәйкес келеді», деді ол.

Компания тұрақты серік­тес­­тері­нің қатарындағы «Пав­ло­дар құбыр арматурасы зауы­ты» ЖШС, «Өскемен өнер­кә­­сіп­­­тік арматура зауыты» АҚ, «РауанНалко» ЖШС, «ТЕМІР­МАШ» Павлодар зауыты» ЖШС, «ҚазАрматура зауыты» ЖШС сияқ­­ты зауыттар­мен жабдықтарға ар­налған құ­рам­­дас және қосалқы бөл­­шек­терді жет­кізуге шарттар жа­са­ған. Был­тыр­ғы сатып алу жос­­пары­­ның ая­сын­да арнайы тех­ни­­ка мен жаб­дықтарды және бас­қа да та­уар­лар­ды жеткізуге 3,3 млрд тең­­геден астам сомаға шарттар жасалды.

Жалпы, «ҚазТрансОйл» АҚ-та отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша өсу динамикасы байқалады. Егер 2017-2018 жылдары еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі орташа есеппен 70 пайызды құраса, 2019 жылы бұл көр­сеткіш 74 пайызға дейін өсті.

2020 жылы «Са­мұрық-Қа­зы­на» АҚ импортты ал­мас­тыру бағдарламасы аясын­да тәжірибелік-өнеркәсіптік сы­нақ­­тар жүргізілгеннен кейін отан­дық тауар өндірушілермен жаңа келісімшарттар жасау кү­тілу­де. Қазақстандық жет­кізу­ші­лердің айтуынша, ірі ком­па­ния­лар­дың қолдауы оларға өн­дірісті дамытуға көмектеседі.

«Біздің «NGVision» ЖШС компаниямыздың өнімі «ҚазТрансОйл» АҚ-та тә­жі­ри­бе­лік-өнеркәсіптік сынақ­­тан өте­ді. Қазақстан Респуб­лика­сы­ның аумағында біз бейне­бақы­лау камераларын құрас­тыру­мен айналысатын жалғыз компания­мыз. Қазір біздің өндірісте 50-ге жуық адам еңбек етуде. Кез кел­ген көлемді игере аламыз. Осы уақытқа дейін 400 камера жи­надық. Енді жаңа тапсырыс­тар күтеміз. Әрине ірі компания­лардың қолдауынсыз нарықта қалуымыз екіталай. Сондықтан мемлекетіміздің қолдау көр­сеткеніне өте қуаныштымыз», дейді «NGVision» ЖШС бас директоры Таир Омаров.