Мұндай қоғамдық маңызға ие заң жобаларын депутаттар түрлі алаңдарда қоғам өкілдерімен талқылауы Мәжілісте қалыптасқан тәжірибеге айналды.
Іс-шараға депутаттармен қатар Үкімет мүшелері, «Атамекен» ҰКП, «ҚазақТуризм» ұлттық компаниясы, туристік қауымдастықтардың басшылары, еліміздің әр аймағынан келген туристік фирмалар мен компаниялардың директорлары, туристік бизнес және азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин бүгінде туризм индустриясы әлемдік экономиканың ең жоғары тиімді және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі, елдегі туризм, әсіресе этнографиялық және экологиялық саланы дамытуға әлеуетті екеніне тоқталды.
Сонымен қатар Н.Нығматулин бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы халықаралық туристік форумда айтқанын еске салды. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы табиғи ресурстардың үлкен қоры бар елдерде туризм саласы саналы және мақсатты түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Олар: Қатар, Бахрейн, БАӘ.
Палата Төрағасы экономистерге, қаржыгерлерге және тиісті мемлекеттік орган басшыларына туризмді алдымен экономикалық өсудің драйвері ретінде қарау керек екенін атап өтті.
Талқыланып жатқан заң жобасында, Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл саланы дамыту жөнінде нақты ұсыныстар жоқ. Сол себептен, біз осы саладағы ең жақсы әлемдік тәжірибені қолдануымыз керек. Соның нәтижесінде көптеген ел өздерінің байлығының едәуір бөлігін туризмнен түсетін табысқа салған. Бұлар АҚШ, Испания, Франция, Италия, Қытай сияқты туристік нарықтың көшбасшылары ғана емес, сонымен қатар біздің көршілеріміз – Әзербайжан мен Өзбекстан да бар.
– Бұл елдерде мемлекет қабылдаған заңнамалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және басқа шаралардың нәтижесінде туризм ұлттық экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының біріне айналды, – деді Н.Нығматулин.
Кездесуде қаралған туристік заңнамада туристік қызметті сыртқы және ішкі туризм деп бөлу ұсынылды.
Бұл жағдайда тек шығу туризмін лицензиялауға ниетті. Ал ішкі туризмнің қызметі хабарлама түрінде жүзеге асырылады.
Осы тақырып бойынша пікірлер сан түрлі. Құжат бойынша жұмыс тобы олардың ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасына шешім енгізу үшін әрқайсысына талдау жасалмақ. Сондай-ақ заң жобасы салалық туризмнің 15 түрін ерекшелейді.
Алайда туристік компанияның салалық туризмнің белгілі бір түрінің субъектісімен өзара әрекеттесу механизмі тіркелмеген. Заңнамалық құжатты әзірлеуші түсіндіргендей, бұл министрліктердің бірлескен бұйрықтарымен реттеліп, олардың түйіскен жерінде туризмнің белгілі бір түрі болады.
Алайда Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл туралы нақты заңнамалық нормада айтылуы керек.
Іс-шара барысында саланы мемлекеттік қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Н.Нығматулин Ұлттық экономика, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің басшыларына туризмді ілгерілетудің экономикалық саясатына, кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық және кедендік жеңілдіктер беру, әуе және жерүсті көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, жолдар мен жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту туралы нақты мәселелерді көтерді.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, мәселе Ұлттық экономика министрлігі заң жобасының экономикалық идеологиясын негізге алмаған.
Н.Нығматулин Қаржы министрінің бірінші вице-министріне инвестициясыз түсімдердің жоқтығын түсінгенін және бұның жалпыға бірдей танылған экономикалық қағидат екенін назарына салды.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов министрлік заң жобасына елдегі туризмнің дамуын қолдау бойынша ұсыныстар пакетін енгізуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен бірге туризмді дамыту бойынша барлық мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру мәселелері көтерілді.
Талқылауды қорытындылай келе, Мәжіліс Төрағасы заң жобасының кейбір ережелерінің тағы да пысықталуы керектігін атап өтті.
– Барлық ұсыныс-пікірлер ауқымды деңгейде мұқият талданып, талқыланады. Соның нәтижесінде Қазақстанда туризмнің дамуын, туристік индустрияны мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететін және туристік инфрақұрылымды кеңейтетін сапалы, жан-жақты әзірленген және ең бастысы тиімді заң қабылдайтын боламыз, – деп қорытындылады Н.Нығматулин.