Парламент • 21 Ақпан, 2020

Туризм – табыс көзі

46 реткөрсетілді

Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалы­ғымен туризмге қатысты заң жобасы талқыланды. Палата Спикерінің пікірінше туризм елдің экономикалық өсуінің жаңа драйверіне айналуы керек, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мұндай қоғамдық маңызға ие заң жобаларын депутаттар түрлі алаңдарда қоғам өкілдерімен талқылауы Мәжілісте қалып­тас­қан тәжірибеге айналды. 

Іс-шараға депутаттармен қатар Үкімет мүшелері, «Ата­ме­кен» ҰКП, «ҚазақТуризм» ұлт­тық компаниясы, туристік қауым­дастықтардың басшылары, еліміздің әр аймағынан кел­ген туристік фирмалар мен ком­па­ниялардың директорлары, турис­тік бизнес және азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығ­матулин бүгінде туризм ин­дустриясы әлемдік экономи­каның ең жоғары тиімді және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі, елдегі туризм, әсіресе этнографиялық және эко­ло­гиялық саланы дамытуға әлеу­етті екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Н.Нығ­матулин бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудағы халықаралық турис­тік форумда айтқанын еске салды. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы табиғи ресурстардың үлкен қоры бар елдерде туризм саласы саналы және мақсатты түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Олар: Қатар, Бахрейн, БАӘ.

Палата Төрағасы экономис­терге, қаржыгерлерге және тиісті мемлекеттік орган басшы­ларына туризмді алдымен экономикалық өсудің драйвері ретінде қарау керек екенін атап өтті.

Талқыланып жатқан заң жобасында, Мәжіліс Төрағасының пікі­рінше, бұл саланы дамыту жө­нінде нақты ұсыныстар жоқ. Сол себептен, біз осы са­ладағы ең жақсы әлемдік тәжірибені қолдануымыз керек. Соның нәтижесінде көптеген ел өздерінің байлығының едәу­ір бөлігін туризмнен түсетін табыс­қа салған. Бұлар АҚШ, Испа­ния, Франция, Италия, Қытай сияқ­ты туристік нарықтың көшбас­шылары ғана емес, сонымен қатар біздің көршілеріміз – Әзер­байжан мен Өзбекстан да бар.

– Бұл елдерде мемлекет қабылдаған заңнамалық, ұйым­дас­тырушылық, экономикалық және басқа шаралардың нәти­же­сінде туризм ұлттық эконо­ми­каның қарқынды дамып келе жат­қан бағыттарының біріне айналды, – деді Н.Нығматулин.

Кездесуде қаралған туристік заңнамада туристік қызметті сырт­қы және ішкі туризм деп бөлу ұсынылды.

Бұл жағдайда тек шығу тур­из­мін лицензиялауға ниетті. Ал ішкі туризмнің қызметі хабарлама түрінде жүзеге асырылады.

Осы тақырып бойынша пікір­лер сан түрлі. Құжат бойын­ша жұмыс тобы олардың ұсыныс­тарын ескере отырып, заң жобасына шешім енгізу үшін әрқай­сысына талдау жасалмақ. Сондай-ақ заң жобасы салалық туризмнің 15 түрін ерекшелейді.

Алайда туристік компания­ның салалық туризмнің белгілі бір түрінің субъектісімен өзара әре­кеттесу механизмі тіркелмеген. Заңна­малық құжатты әзірлеу­ші түсіндіргендей, бұл министр­лік­тердің бірлескен бұйрықтарымен рет­теліп, олардың түйіскен жер­ін­де туризмнің белгілі бір түрі болады.

Алайда Мәжіліс Төраға­сы­ның пікірінше, бұл туралы нақты заңнамалық нормада айтылуы керек.

Іс-шара барысында саланы мемлекеттік қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Н.Нығматулин Ұлттық экономика, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің басшыларына туризмді ілгерілетудің экономикалық саясатына, кәсіп­керлік субъектілеріне салықтық және кедендік жеңілдіктер беру, әуе және жерүсті көлігінің қол­жетімділігін қамтамасыз ету, жолдар мен жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту туралы нақты мәселелерді көтерді.

Мәжіліс Спикерінің айтуын­ша, мәселе Ұлттық экономика ми­нистрлігі заң жобасының эконо­микалық идеологиясын негізге алмаған.

Н.Нығматулин Қаржы министрінің бірінші вице-минис­тріне инвестициясыз түсімдердің жоқтығын түсінгенін және бұ­ның жалпыға бірдей танылған экономикалық қағидат екенін назарына салды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов министрлік заң жобасына елдегі туризмнің дамуын қолдау бойынша ұсыныстар па­кетін енгізуге дайын екенін жет­кізді.

Сонымен бірге туризмді дамыту бойынша барлық мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру мәселелері көтерілді.

Талқылауды қорытындылай келе, Мәжіліс Төрағасы заң жобасының кейбір ережелерінің тағы да пысықталуы керектігін атап өтті.

– Барлық ұсыныс-пікірлер ауқымды деңгейде  мұқият талданып, талқыланады. Соның нәти­же­сінде Қазақстанда туризм­нің дамуын, туристік индус­трияны мемлекеттік қолдауды қам­тамасыз ететін және туристік инфрақұрылымды кеңейтетін сапалы, жан-жақты әзірленген және ең бастысы тиімді заң қабыл­дайтын боламыз, – деп қоры­тын­дылады Н.Нығматулин.

 

Соңғы жаңалықтар

iPhone 12 Pro рендері шықты

Технология • Кеше

Ұқсас жаңалықтар