Қазақстан • 19 Ақпан, 2019
Қостанайда Жастар жылына арналған кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді
Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Жастар жылына арналып «Қуатты елдің жастары» деген атпен ашылған кітап көрмесі жыл аяғына дейін жұмыс істейді. Кітап көрмесінің негізгі бөлімдері келушілерге Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстандық талантты жастар мен жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған саясатынан мол ақпараттар береді. Көрменің ашылу салтанатына кітапхана оқырмандарымен қатар ҚР Ұлттық ұланы №6697 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2019
«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды
Астанада Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Күрес • 19 Ақпан, 2019
Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым
16-17 ақпан күндері Римде дзюдодан ерлер арасында Еуропа ашық кубогі өтті. Екі күнге созылған жарыста Дәурен Сүйеукенов күміс жүлдеге, Бауыржан Жауынтаев қолаға қол жеткізген болатын. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген жас балуан Дәурен Сүйеукенов кубоктік додаға қатысты пікір білдірді.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2019
Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, спортшылардың жаңа маусымдағы аяқ алысын бағамдады. Бас бапкердің айтуынша, гимнастарымыз үшін жыл басындағы турнирлер жаман басталған жоқ.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2019
Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз өміріне қауіпті болғанына қарамастан тереңдігі екі метрден асатын құдықтан бес жастағы баланы құтқарып алған 10 сынып оқушысы Надир Омарғазиевпен кездесті деп хабарлайды ІІМ Баспасөз қызметі.