Мәселе • 15 Ақпан, 2025
«Жусан иісі»... Жазушы Сайын Мұратбековтің «Алыста қалған балалық шағым» деп басталатын әйгілі шығармасы көптің есінде шығар. Сұрапыл соғыс жылдарындағы ауыл өмірінен сыр шертетін хикаяны оқыған әрбір адамның бойында туған жерге, балалық шаққа, қазақ даласының жұпары – жусан иісіне деген сағыныш оянары хақ.
Төтенше жағдай • 15 Ақпан, 2025
Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады
Көктемгі су тасқынына әзірлік барысы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сөз болды.
Қоғам • 15 Ақпан, 2025
Алаяқтар атыңызға несие ресімдесе, не істеуіңіз керек?
Қазір қоғамды алаңдатқан мәселенің бірі – алаяқтықтың етек алуы. Технология дамыған сайын бұл кесел түрленіп, жаңа сипатқа ие болды. Ақпараттық жүйені меңгерген интернеттегі алаяқтардың арбауына түскендер көбейіп барады. Осы орайда «Egemen Qazaqstan» газеті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, «Қаржылық сауат» айдарын ашып отыр. Мұнда интернеттегі алаяқтардан сақтану жайы айтылады. Егер осы мәселеге қатысты сұрақтарыңыз болса, info@egemen.kz поштасына («Қаржылық сауат» айдарына» сілтемесімен) жолдауларыңызға болады.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2025
Атырау облысындағы 51 елді мекенді тасқын су басу қаупі бар. Осыған байланысты елді мекендердің бәріне маусымдық гидробекет орнату көзделген. «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының мәліметінше, Ресей Федерациясынан мол көлемде су келуі мүмкіндігіне болжам жасалып отыр.
Айбын • 15 Ақпан, 2025
Отаншылдық тәрбие дәйекті болғаны жөн
Шымкент қаласындағы №1 мектеп гимназиясында «Біртұтас ел – біртұтас жер» атты әдістемелік семинар өтті. Аталған іс-шара арнайы тәрбие бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды. Бұған қалаға қарасты Абай, Әл-Фараби, Тұран аудандарының алғашқы әскери және технологиялық пән мұғалімдері қатысты. Семинар заң мен тәртіп құндылығын дәріптеу, сонымен қатар әскери тәртіпке деген құрметті арттыру мақсатын көздеді.