Өнер • 07 Ақпан, 2018
Шертпе күй шеберлерінің бірі композитор Мағауия Хамзин
Қазақтың ұлттық мәдениетіне, оның ішінде сонау түркі дәуірінен бүгінгі таңға дейінгі саф қалпын сақтап келе жатқан күй өнерінің кемелденуіне өзінің зор үлесін қосқан шертпе күй шеберлерінің бірі композитор Мағауия Хамзин еді. Бүгінде оның сонау Тәттімбеттен бергі текті өнерді тегіс жұртқа жеткізген ерен еңбегі ел игілігіне молынан жарады. Тіпті Арқадан Алатауға дейінгі абыз далада Мағауия мектебі қалыптасқан десек, артық айтпаған болар едік. Сол шекпеннен шыққан қаншама жас дарын қара домбыраны жанына серік етіп, шертпе күйден шартарапқа күй шалқытуда. Тұғырлы тұлғаның шығармашылығы былтырдан бері өзінің тоқсан жылдық мерейтойы аясында еліміздің әр аймағында кеңінен насихатталып жатыр.
Әдебиет • 07 Ақпан, 2018
Жарқын Шәкәрім: Әміре туған күн
Қазақтың әйгілі әншісі Әміре Қашаубайұлы 1888 жылы туған. Бұған дәлел Германия сапарында 1927 жылдың 16 маусым күні Мәскеуде алған төлқұжатында Әміре өз аузымен айтып нақ осылай жаздырған. Әйткенімен бұл паспортта 1888 жылдың қай айында және қай күні туғаны жазылмаған. Ол кездері адамның туғаны жайлы мәлімет 12 жылдық жыл қайырумен есептелгені де белгілі.
Аманат дегеніміз не? Бұл сұраққа мұсылман әлемінің сардар сахабасы Әбубәкір Сыдық «Аманат – адамгершіліктің шыңы» деп жауап беріпті. Әрі қарай сөзімізді тәпсірлеп, тарқатар болсақ, «аманат» ұғымы бір адамның екінші адамға сеніп тапсырған мүлік-заты немесе қоғамдық қатынастар барысында өте терең маңызға ие тарихи-әлеуметтік оқиға.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2018
"Егеменнің" жүз жылдығында таңдаулы мақалалардың он томдығы шығады
Орталық Коммуникациялар қызметінде "Егемен Қазақстан" РГ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырəлі 2017 жылдың жұмыс қорытындысы мен 2018 жылға арналған даму бағыттары туралы баспасөз конференциясын өткізді.