Қоғам • 08 Ақпан, 2018
«Қара археологтардан» қалай қорғанамыз?
«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дегендей, бүгінде қазақ жерінің әр түкпірінде орын алып отырған мына жағдай ойлантпай қоймайды. Ең бастысы, мұның ел мәдениетіне, тарихына келтіретін зардабы орасан, сондықтан алдын алатын кез келді.
Қазақстан • 08 Ақпан, 2018
Тегінде халқымыз «іштен шыққан жау жаман» деп бекерге айтпаған. Бұған бүгінгі күні жаһанның құтын қашырған терроризм мен экстремизм дәлел. Қиындығы сол, қастығын анық сездіріп, ашық келіп айқасатын жауыңдай емес, мұның аңысын аңдап, бағытын болжай алмайсың. Күтпеген жерден килігеді. Әрине әлем елдері күш біріктіріп, осынау зұлматпен күресіп те жатыр. Бірақ күрес күшейген сайын лаңкестік те түрленіп, қанды қасаптың небір жантүршігерлік тәсілдері бой көрсетіп отыр.
Медицина • 08 Ақпан, 2018
Халықнама немесе Тәтімов мұраты
Бүгінгі қазақ қоғамы демограф Мақаш Тәтімовтің деректеріне жиі жүгінеді, болашақта да жүгіне бермек. Ол қазақтың демография ғылымының негізін салып қалыптады, әділетті түрде еліміздің бас демографы атанды. Халықнама пырағын ерттеп мініп, ақтық деміне дейін туған халқына адал қызмет етуден, өзінің өмір бойғы айнымас асыл мұратынан жазбады.
Әлем • 08 Ақпан, 2018
Еуроодақпен ынтымақ – дамудың көзі
Қазақстанның жаһандық беделінің нығая түсуі оның Еуропа одағына (ЕО) біріккен мемлекеттермен қатынастарының жақсаруына байланысты. Елбасы сыртқы саясаттың осы бағытын анықтайтын «Еуропаға жол» бағдарламасын ұсынған болатын.
Медицина • 08 Ақпан, 2018
Ішкі татулық пен қауіпсіздік бәрінен жоғары
Соңғы кездері «Дін туралы» заң жобасы төңірегінде қоғам арасында әсіресе орамалға, сақалға, қысқа балаққа, мемлекеттік қызметкерлердің намаз оқуы және елдегі кейбір намазханалардың жабыла бастауы жиі талқыға түсіп, халық арасында мемлекеттің шешіміне разы емес топтар пайда бола бастады. Атап айтқанда, «Дін істер министрлігі сақалға тыйым салады», «Мемлекет елдегі намазхандарға қысым көрсетуде», «Мұсылмандарды мемлекеттік қызметтен қуып жатыр», «Мемлекет орамалға рұқсат бермей, Құранның бұйрығына қарсы шығып отыр», «Намазханаларды жабуда» және осыларға ұқсас сыңаржақ әрі әдейі ұйымдастырылған арандатушы пікірлер ел ішіне іріткі тудыруда.