«Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулысына сәйкес, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік-мәдени даму мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүретін адамдарға да жеңілдік жасайтын жолақы ұсыну мүмкіндігін зерттеуді ұсынды. Осыған байланысты, мүгедек баланың ата-анасының біреуіне тегін жол жүру құқығын беру қарастырылуда», – деп мәлімдеді Артем Әбілдинов.
Қоғамдық кеңестің қатысушылары жобаны бірауыздан қолдап, мақұлдады.
Естеріңізге сала кетейік, арнаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізілуіне байланысты, алынып тасталған арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды алатын көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар да осы тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі.