Медицина • 20 Ақпан, 2020
Балаларға күрделі операция жасалды
Елімізде жыл сайын остеосаркомаға шамамен 15 шақты жасөспірім шалдығады. Барлық остеосаркоманың 50%-дан астамы тізе буынына жақын орналасады. Осы күндері Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалардағы остеосаркомаға бірегей күрделі оталар жасалды. Остеосаркома – сүйектің сирек кездесетін қатерлі ісігі. Қатерлі дерт көбіне 10 жастан асқан балаларда жиі кездеседі.
Күрес • 20 Ақпан, 2020
Күрес: Ибрагим Магомадов финалға шықты
Күрес түрлерінен Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар үшін таласатын грек-рим күресі шеберлері анықталды.
Таным • 20 Ақпан, 2020
Кебiн киiп, кеудесiн оққа тосқан батырлар
Кезінде «Бай-құлақтар мен дiн басыларының Кеңес өкiметiне қарсы контрреволюциялық қарулы көтерiлiсi» ретiнде насихатталып келген 1930 жылғы ақпанның 7-16 аралығында болған Созақ қасыретiнде халықтың қаны қисапсыз төгiлiп, бейбiт ел азабын тартқан едi.
Қоғам • 20 Ақпан, 2020
Волонтер дегенде көз алдымызға бірден кілең жастардың келе қалатыны бар. Бұл түсінікті де: бойында күш-қуаты бар жастың кәрі-құртаңға, бала-шағаға көмек қолын созуын міндетті шаруа санаймыз, заңды деп те қабылдаймыз. Әйтсе де, волонтерлік дегеніңіз жас талғамайды екен. Кеудеде ізгілік пен мейірімге толы үлкен жүрек соғып тұрса, ол өз дегенін істемей қоймайтын көрінеді. Бұған мысалды алыстан іздеп керегі жоқ.
Өнер • 20 Ақпан, 2020
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының тұңғыш лауреаты, профессор Еркін Мергеновтің 80 жылдығына орай «Ретроспектива» атты көрме ашылды.