Өнер • 20 Ақпан, 2020

Модернизмнің негізін қалаған

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ә.Қастеев атындағы Мем­­­­­­­лекеттік өнер му­зейінде халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Платиналы Тар­­­лан» сыйлығының тұң­­­ғыш лауреаты, профессор Еркін Мер­генов­тің 80 жылдығына орай «Ретроспектива» атты көр­ме ашылды.

Модернизмнің негізін қалаған

 

В.Суриков атындағы Мәс­­кеу мемлекеттік көр­кем­сурет институтын бі­тір­ген Е.Мергеновтің КСРО Жо­ғарғы Кеңесінің де­путаты болуы, екі мәрте Қа­­зақ­стан Суретшілер ода­ғын бас­қаруы рухы мен көз­қа­ра­сы еркіндікті сүйген су­рет­шінің үнемі қо­ғаммен бір­­ге қозғалыста бол­­ғанының дә­лелі іспетті. Қа­зақ мүсін өнеріндегі мо­дернизмнің не­­­гізін қалаған Еркін Тілек­ұлының туындылары қазақ өнеріндегі ғана емес, күллі посткеңестік мемлекеттер мен әлемнің көптеген ел­де­­­­рінде құбылыс болып қа­был­дануы өміршеңдігі мен маңызын жоғалтпай ке­леді. Оның жеке көрмелері Лат­вияда, Украинада, Ресей­дің Мәскеуі мен Сант-Петер­бур­гінде талай мәрте табыс­пен өтіп, ұлттық мүсін өнерінің орнын айшықтауда үлкен рөл атқарды.

Архитектура саласының докторы А.Сәбитованың пікі­рінше, «Еркін Мергенов – екі мәдениетке тән суретші. Оның жұмысының көпшілігі ХХ ғасырда орын алған еу­ро­палық пластикадағы фор­мальды ізденістермен сәй­кес келуі мүмкін, алайда та­қырыптық және өзектілігі жа­ғынан ол Шығысқа, дала мәдениетіне жақын. Мүсінші шығармашылық жолының бастауында бір-біріне ұқ­са­­майтын мәдениеттердің ара­сындағы кереғарлықты еңсеріп, өзінің адами мәдени бірегейлігін ұғынуға ден қой­са, соңғы уақыттағы жұ­мыс­тарында дәстүр, мәдениет және гуманизмнің әдемі син­тезін жасады», дейді.

Буырқанысқа, жаңашыл­дыққа толы Е.Мергеновтің шығармашылығы өнер зерт­теушілері мен сыншылардың назарынан тысқары қалған емес. «Мергеновтің авторлық стилис­тикасы ол үшін маңызды екі фактормен – кеңістік пен уақытқа негізделген. Мү­сінші үшін кеңістік өзі қолданатын қола немесе қалайы сияқты сезілетін материал, ол мү­сіннің образды мә­нерін жасау­да қа­жетті пішін құ­рай­тын міндетті орын­­­дайды. Мү­сін­­шінің шы­ғар­ма­шылығындағы ке­­ңіс­тікті құрал ғана де­сек, қа­те­лесеміз, оны эво­лю­циялық, уақиғалық даму процесінде де се­зінуге болады. Суретшінің көз­қарасындағы кеше, бүгін және болашақ сияқты үш бірліктің тоғысындағы уа­қыт мүсіндерге мәңгілік се­нім тынысын береді, оның жа­сам­­паздығын арттырады, ал та­машалаған адамның санасы биік оймен байытыла түседі» дейді мүсінші туын­дыларының өзегін танумен айналысқан өнер зерттеушісі Камилла Ли.

Көрме 14 наурызға дейін жалғасады.

3

4

 

АЛМАТЫ