Күрес • 20 Ақпан, 2020

Күрес: Ибрагим Магомадов финалға шықты

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрес түрлерінен Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар үшін таласатын грек-рим күресі шеберлері анықталды.

Күрес: Ибрагим Магомадов финалға шықты

Қазақстан құрама командасы мүшелері арасында 72 кило салмақтағы Ибрагим Магомадовтың қарқыны күшті. Бастапқы бәсекелерінің барлығын жеңіспен аяқтаған ол жартылай финалда Үндістанның өкілі Адия Кундуды қапы қалдырды. Енді ол бас жүлде үшін таласады. Финалдық сайыстағы жерлесіміздің қарсыласы – ирандық Амин Явар Кавянинежада. 

Ол 60 кило салмақтағы Айдос Сұлтанғали мен 82 кило салмақтағы Евгений Поливадов қола медаль үшін белдеседі. Айдос ирандық Мехди Мохсен Нежатпен белдессе, Евгений өзбекстандық Жалғасбай Бердімұрадовпен күш сынасады.