Білім • 19 Ақпан, 2021
Елбасы Академиясы 2 мыңға жуық оқушыны тегін оқытады
Шалғай өңірлердің екі мыңға жуық дарынды оқушысы Birge Oqý жобасы аясында еліміздің жетекші педагогтерінен білім алуда. Birge Oqý онлайн-мектебі – «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ең танымал және сұранысқа ие жобаларының бірі.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Алматыдағы орталық паркте студенттер жатақханасы салынбақ
Алматының Орталық паркі аумағында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жатақханасын салу жоспарланып отыр.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2021
МИБ-тің ПИК-тен айырмашылығы неде?
Көпқабатты үйлердің проблемаларын шешіп, мұқтаждарын өтеуде пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) өзін өзі ақтамағандығы туралы көп айтылды. Қатарынан бірнеше үйді кооперативтеріне қосып алған кейбір төрағалар тұрғындардан тек ақша жинаумен айналысты. Ал сол кезде үйлердің төбелерінен су ағып, жылу, су жүйелері шіріп, кондоминиумге жататын алаңдар қараусыз қалды. Кейде тіпті кооператив төрағалары оны жекеменшіктің пайдалануына жалға беріп, ал жалдау ақысын жымқырып кеткен фактілер де болды.
Пікір • 19 Ақпан, 2021
Бүгінде «екі қолға бір күрек» іздегендердің алдынан осындай хабарландыру көптеп кездесіп жатады. «Іздегенге – сұраған» дегендей, сұранысқа сай айналамыздан курьер болып күнелтіп жүргендерді жиі байқаймыз. Расында, ел басына індет қаупі төніп, емін-еркін жүріс-тұрысымыз шектелген шырғалаң шақта үйден шықпай, курьер қызметіне жүгінуді жөн көре бастадық.
Тарих • 19 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылы 10 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы осы бағытта тәуелсіздік жылдары басталған жұмыстарға жаңа серпін берді. Азаттықтың елең-алаңындағы ізашар істер отандық және әлемдік тәжірибе тұрғысынан толықтырылып, қоғамның ділгір сұранысына сай қайта байыпталмақ. Бұл – өркениет үдерісі, адамшылық пен имандылықтың көрінісі.