Қоғам • 16 Ақпан, 2023
Биылғы оқу жылынан колледждерге кәсіпорын өтінімдері бойынша маман даярлау енгізілді. Осындай өзара ынтымақтастық еңбек нарығының сұранысына сай білікті маман әзірлеуге мүмкіндік береді.
Экология • 16 Ақпан, 2023
Фосфогипс қалдығын кәдеге жаратпақ
Шыны керек, Тараз металлургия зауыты маңындағы тау боп үйілген өндірістік қалдық жылдар бойы жергілікті жұрттың жүйкесіне ши жүгірткені жасырын емес. Фосфогипс қалдығынан Жамбыл ауданының бірнеше ауылының тұрғындары зардап шегіп отырғанын да жақсы білеміз. Өткір мәселені эколог мамандар да талай рет жетер жеріне жеткізіп айтқан болатын.
Қаржы • 16 Ақпан, 2023
Салық аптасы теңгеге септесе ме?
Апта басынан бері доллар мен теңгенің дәлізі 456 мен 452 теңгенің арасында тербеліп тұр. Мұнай бағасы барреліне 82,3 АҚШ доллары көлемінде. Елдегі жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялар бюджетке теңгелей салық төлейтін. Салық аптасының басталуына 1 аптадан көп уақыт бар болса да, теңге күш ала бастады. Ұлттық банк түсіндіргендей, 2023 жылдың басы дамушы нарықтар үшін өте қолайлы болды.
Әскер • 16 Ақпан, 2023
Әскери оқуға қалай түсуге болады?
Биылдан бастап мерзімді әскери міндетін атқарған азаматтар Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына емтихансыз қабылданады. Яғни жақсы әскери дайындық көрсеткендердің оқу ақысын институттар өздері өтейді. Сондай-ақ әскери кафедраларда білім алу студенттер үшін тегін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов мәлімдеді.
Экология • 16 Ақпан, 2023
Ядролық қауіпсіздікті сақтау маңызды
Бүгінде ядролық технологияларды адамзат өмірінің қай саласында да тиімді пайдалануға болатынын ғалымдар дәлелдеді. Бұл ретте Ядролық физика институтының ғалымдары соңғы жылдарда ғаламдық экологиялық сипат алған, тіршілік көзі – суды, азық-түлік өнімдерін залалсыздандыруда радиациялық өңдеу әдісінің заманауи мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін алға тартып отыр.