Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі
Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, қазіргі жаһандық және өңірлік күн тәртібіне қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірді. Президент Қатарға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде қонақжайлық көрсеткені үшін Әмір Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағзым • 14 Ақпан, 2024
Қостанай ауданының Айсары жалпы білім беретін мектебінде Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толуына арналған тағылымды кеш өтті. Іс-шараға Варшава келісімшарты әскери топтары филиалының директоры Ербол Бекішев бастаған ардагерлер қатысты.
Айбын • 14 Ақпан, 2024
«Жас ұланның» қаһармандық сабағы
Бауыржан Момышұлы атындағы Алматыдағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде тәрбиеленушілер генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесті.
Тағзым • 14 Ақпан, 2024
Өткен кезеңнің өктем жылдары мен өліара шағында «толарсақтан саз кешкен» сарбаздардың ерен ерлігі ұлт пен ұрпақ жадынан өшпейтіні анық. Қайта жүрдек уақыт ағысы алға жылжып, күнделікті күйбең тіршілік түрленген сайын жаңғырып, қоғамдық-саяси құны артып отырғанын байқаймыз. Биыл Ауған аймағынан кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толды. Рухы биік, болмысы асқақ әрбір ардагердің есімі мен ерлігі тарих беттерінде қатталып, қайтпас қайсарлықтың нышанына айналды.
Кино • 14 Ақпан, 2024
«Шәкен Айманов – нағыз табиғи дарын иесі, тума талант. Жас кезінен-ақ ол өзін әртіс ретінде таныта білді. Ал бұндай біртуар табиғи дарын ешқашан бір жақты болмайтыны белгілі. Ол жан-жақтылығымен дами түседі. Тамаша сахна актері Шәкен аға театр режиссері болып, фильмдерге түсті. Кино түсіре жүріп ауқымды қоғамдық жұмыстар атқара білді», деген екен шәкірті, «Транссібір экспресі» фильмінің режиссері Эльдор Оразбаев.