Спорт • 18 Ақпан, 2019
«Барыстың» канадалық қорғаушысы Қазақстан азаматтығын алды
«Барыстың» канадалық қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан азаматтығын алды, енді ол Астанада өтетін Әлем чемпионатына қатыса алады. Бұл туралы «SPORTINFORM» хабарлады.
Театр • 18 Ақпан, 2019
Құдаларды немере татуластырады
Өнер ортақ. Онда шекара болмайды. Оған Шымкенттегі өзбек драма театрында қойылған белгілі қарақалпақ драматургі Оразбай Абдурахмановтың «Ужарлар» («Қырсықтар») комедиясы дәлел. Жавлон Сайитов сахналаған көркем туындыны өзбек тіліне Нурилло Аббосхон тәржімалаған. Туындыны сахналаған театрдың бас режиссері, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.
Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Мұқтаж жандардың мұңын тыңдады
Өмір күнде той емес. Өмір болған соң тұрғындарды толғандыратын тұрмыстық мәселелер болмай тұрмайды. Осындай кезде кімге жолығып, көмекті кімнен сұрарын білмей бастарын тауға да, тасқа да соғып жүретін жандар жетерлік. Мұндай көрініс жергілікті органдардың тұрғындармен, соның ішінде шын мәнінде қамқорлыққа зәру жандармен байланысты тереңдете түсу қажеттігін көрсетеді.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Бүгін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жауын-шашын күтіледі
Дүйсенбі күні Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.