Спорт • 18 Ақпан, 2019

«Барыстың» канадалық қорғаушысы Қазақстан азаматтығын алды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыстың» канадалық қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан азаматтығын алды, енді ол Астанада өтетін Әлем чемпионатына қатыса алады. Бұл туралы «SPORTINFORM» хабарлады.

«Барыстың» канадалық қорғаушысы Қазақстан азаматтығын алды

«Диц Қазақстан азаматтығын алды. Қазір Астанадағы Әлем чемпионатында «Барыстың» бес хоккейшісі ойнайды деген жоспар бар. Ал «Барыстың» тағы басқа легионерлеріне азаматтық беру жағы әлі талқыланған жоқ», - деді Қазақстан хоккей федерациясының жауапты хатшысы Глеб Қаратаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін швед Хенрик Карлссон, америкалық Брэндон Боченски, канадалықтар Дастин Бойд пен Кевин Даллмэн Қазақстан азаматы атанған еді.

Бірінші дивизион командалары арасындағы Әлем чемпионаты Астанада 25 сәуірден 5 мамырға дейінгі аралықта өтеді. Қазақстан құрамасынан тыс, элитаға қатысу үшін Беларусь, Венгрия, Литва, Словения және Оңтүстік Корея командалары да бақ сынайды.