Салық • 13 Ақпан, 2025
ҚҚС: Шағын бизнеске салмақ түсірмейді
Қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі жоғарыласа, тауар мен қызмет бағасының қымбаттайтыны, яғни тұтынушының сатып алу мүмкіндігінің азаятыны – халықты алаңдататын басты мәселе екені анық. Алайда біз қатал нарықтың нәзік бір тұсын естен шығарғандаймыз. Қоғамдағы алаңдаушылықты «Tax Incidence Theory» (Салық ауыртпалығының бөлінісі) тұжырымдамасы негізінде пайымдасақ, түсінуге болады. Яғни мемлекет салықты кәсіпкерлерге жүктейді, бірақ жүкті тұтынушы көтереді. Сөйтсе де осы үдерістердің халықтың өзіне пайдалы жағы бар.
Маман • 13 Ақпан, 2025
Электриктерді даярлау маңызды мәселе
Астанада өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтары қаласы» атты бірегей фестивалінде «Самұрық-Қазына» қорына қарасты ірі жұмыс беруші компаниялардың аллеясы орналасқан. Бұл қатарда «KEGOC» АҚ-ның «Электрик үйін» кездестіруге болады. Шара аясында компания энергетика саласының дамуы және отандық электр энергетика жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуде білікті мамандардың алатын рөлі туралы арнайы стенд ұсынды.
Сенат • 13 Ақпан, 2025
Зейнетақы активтерін басқару хақында
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Тағайындау • 13 Ақпан, 2025
Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 13 Ақпан, 2025
Кино тілінің дүбәралануы – қауіпті құбылыс
Тіл тазалығының қалыптасуына әдебиет, мәдениет, БАҚ салаларының үлесі зор. Осы қатарда мемлекеттік тілді насихаттауға фильмдер де жауапты. Өкініштісі, кейінгі кезде қазақ киносының саны артқанымен, сапасы сын көтермей тұрғаны белгілі. Қазір фильмдерде әдеби, бейнелі тілдің орнын жаргон, сленг, кейде тіпті дөрекі сөздер жиі кездеседі.