Халық • 14 Ақпан, 2024
Қандасқа қолдау қандай деңгейде?
Былтыр «Отандастар» форумының ашылуында Мемлекет басшысы «Қай мемлекетте мекен етсе де, қазақтың бір ғана Отаны бар – ол Қазақстан. Сондықтан біз шетелде тұратын қандастарымызды қолдауға қашанда мән береміз. Олардың тарихи Отанына қоныс аударуына толық жағдай жасалған» деді.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуын тапсырған еді. Сол арқылы елдің мұң-мұқтажы анық көрінетіні аян. Осы ретте шаһар басшысы Ернат Бәзіл Талдықорғанды қоғамдық көлікпен аралап, жұрттың тілегін тыңдады. Жетісулықтар өзімен еркін тілдескен қала әкімінің қарапайымдылығына риза болды.
Денсаулық • 14 Ақпан, 2024
Маска тағу режімі қайта енгізілді
Жыл сайын, әсіресе көктем, күз айларында жұқпалы вирустар күшіне мініп, елді әбігерге салып жатады. Осы жолы қызылша асқынғанда балалар жаппай вакцина салдырып, жұқпалы инфекцияның беті қайтты. Енді, міне, бірер күн бұрын еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, вице-министр Айжан Есмағамбетова ауа-тамшы арқылы жұғатын инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.
Ғылым • 14 Ақпан, 2024
Қант диабетімен ауыратындардың саны көбейіп бара жатыр. Елімізде де, әлемде де жағдай осындай. Бұл ауруды дер кезінде анықтап, бақылауда ұстамаса, соңы өлімге апарады. Ауруға шалдыққан науқастардың өмірін жеңілдету, сондай-ақ қант диабетін диагностикалауды жеделдету үшін Назарбаев университетінің «National Laboratory Astana» (NLA) зертханасының аға ғылыми қызметкері Аманжол Тұрлыбекұлы қант диабетінің бар-жоғын тыныс алу арқылы анықтайтын газ сенсорын жасады.
Қылмыс • 14 Ақпан, 2024
Жүргізуші куәлігін саудалаған топ
Еліміздің әр өңірінде талай рет тұрғындарды «жүргізуші куәлігін алып беремін» деген бос уәдемен алдаған алаяқтардың жолы кесіліп, заң алдында жауапкершілікке тартылып жатқаны туралы ақпарат жиі тарап жатады. Енді міне, Таразда жүргізуші куәлігін саудаға салған қылмыстық топ құрықталды.