Мәселе • 14 Ақпан, 2024
«Атты екен қандай адам көзі қиып...»
Жалпақ жонның сәні – бауырында өрген аң-құсы. Ақсұңқар ақын Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киігін» тыңдаған сайын жазықсыз жануардың оққа ұшқанына қынжылатын едік. Бағзы замандағы безбүйректік әлі де бар. Тіпті өрши түскендей.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Абат-Байтақ эпиграфиялық ескерткіштері
Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесі – араб жазуындағы эпиграфиялық ескерткіштері немесе тастан қашалған құлпытастар. Бабалар қолының табы қалған тас қашау өнерінің артында ізі жоғалған медреселер жүйесі, ұсталық дәстүр және халықтық сәулет мектебі тұр. Алайда көп жұртта кездесе бермейтін құнды жәдігерлер табиғат құбылысы әсерінен жойылып, өрістегі мал тұяғының астында тапталып барады. Осы мәселелер Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Абат-Байтақ» қорымының арабжазулы эпиграфиялық ескерткіштері» кітап-альбомының тұсаукесерінде талқыланды. Кітап-альбом авторлары – тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүминов пен PhD Бағдат Дүйсенов. Араб жазуындағы мәтіндерді аудару жұмыстарына әріптесіміз Қазбек Құттымұратұлы да қатысты.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Қыстың соңғы айы Шығыстағы жұртты әбден әбігерге салды. Марқакөл өңіріне жарты метр қар жауса, Үлкен Нарын мен Зайсан аудандарында қарғын су қауіп төндірді. Күре жолдарға көшкін түсіп, көлік қозғалыстарына шектеу қойылды. Артынша аяз көтерілді.
Спорт • 14 Ақпан, 2024
16 ақпанда Әзербайжанның астанасы Бакуде кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Үш күнге созылатын дүбірлі додада Қазақстанның 26 дзюдошысы бақ сынайды.
Футбол • 14 Ақпан, 2024
Қазақстан футбол тарихында тұңғыш рет жаңа маусым қарсаңында отандық клубтардың қатысуымен өтетін турнирге қомақты көлемде қаражат тігіледі.