Қазақстан • 27 Ақпан, 2019
Ана тілінің абызы, академик Әбдуәли Қайдар өмірден озды
Белгілі түркітанушы ғалым Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы 95 жасында дүниеден өтті.
Облыстық өнер музейінде Мәлік Мұқанов, Бауыржан Досжанов, Айдар Жамхан және Самал Үсентаеваның «Қазіргі заманғы гобелен. Қазақстанда жасалған» атты шығармашылық жобаларының тұсаукесері болды.
Спорт • 27 Ақпан, 2019
Владимир Смирнов: Ондай сәттер ешқашан ұмытылмайды
Осыдан дәл 25 жыл бұрын, яғни 1994 жылдың 12-27 ақпаны аралығында Норвегияның Лиллехаммер қаласында XVII қысқы Олимпия ойындары өткені барша жанкүйердің есінде. Байрақты бәсеке барысында 67 мемлекеттен келген 1 737 оғлан спорттың 12 түрі бойынша 61 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалпы командалық есепте Ресей құрамасы (11 алтын + 8 күміс + 4 қола) топ жарса, Норвегия (10+11+5) мен Германия (9+7+8) үздік үштіктің қатарына қосылды. Осы дүбірлі додада 1 алтын және 2 қола медальды иеленген Қазақстанның спортшылары 12-орынға табан тіреген еді. Лиллехаммерде Қазақстанның туы астында 29 спортшы өнер көрсеткенімен, 30 жастағы даңқты шаңғышы Владимир Смирнов қана жеңіс тұғырына көтерілді. Жоғарыда аталған үш жүлденің барлығы дәл сол саңлаққа тиесілі. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Олимпия ойындарының алғашқы жүлделері еді. Азаттықтың алғашқы алтыны. Сол тарих қойнауына кеткен дүбірлі доданың басты кейіпкері болған отандасымызбен күні кеше ғана телефон арқылы тілдестік. Бұл күндері Владимир Смирнов Швецияда тұрып жатыр.
Жаңа маусым жобалары таныстырылды
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен «Қазақстан» корпорациясының құрамына кіретін телеарналардың көктемгі маусымға арналған жаңа жобалары жайлы брифинг өтті.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2019