Жоба • 13 Ақпан, 2024
Осыдан он жыл бұрын қабылданған «Серпін-2050» бағдарламасы сол кездері еліміздегі ұтымды әлеуметтік бастамалардың бірі болғаны рас. Жобаның негізгі мақсаты жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік беру еді. Өкінішке қарай, қазір бұл бағдарламаның нәтижесі көңіл көншітпейді.
Әлем • 13 Ақпан, 2024
Әзербайжан: Ел мен жер тұтастығының жеңісі
Әзербайжанда 7 ақпанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде елдің аумақтық тұтастығы, конституциялық құрылымының қалпына келтірілуіне орай ұйымдастырылған саяси науқан жалпыхалықтық сипат алды. Бауырлас мемлекеттегі маңызды іс-шараға Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы тізімімен еліміздің атынан бір топ байқаушы қатысты.
Пікір • 13 Ақпан, 2024
Ынтымағы жарасқанның ырысы мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметің кеңейтілген отырысында ел экономикасының келешек даму бағыттарын айқындады. Бұл баяндамасын жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы ой-пікірлерінің жалғасы деп айтуға толық негіз бар.
Экспорт • 13 Ақпан, 2024
Отандық экспорттаушылар теміржол тарифтерінің көтерілуіне қатысты дабыл қағып жатыр. Жыл басынан бері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы магистралдық теміржол желісі (МТЖ) қызметтерінің тарифін 5%-ға арттырған. Бұған қоса «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС локомотивтік тарту қызметтері тарифін 35%-ға көбейтуге өтінім жолдапты. Алайда 2023 жылдың өзінде жүктерді тасымалдауға арналған теміржол тарифтері үш рет (МТЖ қызметтеріне – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға және 2023 жылғы 27 сәуірден бастап 28,4%-ға, локомотивтік тарту қызметтері – 2023 жылғы 6 қарашадан бастап 11,4%-ға) көтерілген екен.
Дін • 13 Ақпан, 2024
Дін мен дәстүрді бір-біріне қарсы қою – пәтуасыз іс
Таяуда руханият кеңістігінде маңызды екі оқиға болды. Бірі – 2024 жылды «Дін мен дәстүр құндылықтары» деп атаған мүфтияттың Түркістанда өткізген конференциясы. Екіншісі – осы тақырыпта «Egemen Qazaqstan» газеті ұйымдастырған арнайы басқосу. Екі іс-шараға да түрлі себептермен қатыса алмағандықтан жамағат өкілінің базынасы немесе азаматтық қоғам өкілінің ұлт дамуындағы өзекті мәселеге көзқарасы деп қабылдауға болатын мақаланы ұсынуды жөн көрдім.