Экономика • 12 Ақпан, 2024
Былтырғы желтоқсанның соңында Бірінші несие бюросы (БНБ) кедейлік деңгейіне қатысты соңғы мәліметтерді жариялап, кедейлер саны бойынша ұзақмерзімді рекордты жаңартты. «2023 жылдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш екінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, 1,1 миллион адамнан асты. Бұл – 2011 жылдың басынан бергі 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш», делінген БНБ хабарламасында. Олар бұл деректі Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйене отырып хабарлап отыр.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Екібастұздық мүмкіндігі шектеулі жан Гүлнара Жанақова ширек ғасырдан бері мемлекеттен бөлінуге тиіс пәтерге қол жеткізе алмай отыр. Бүгінде аядай ғана екі бөлмелі баспанада алты адам тұрады. Әкесі зейнеткер, ал шешесі қызын күтетіндіктен жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылында тұратын Жарқын Бағлаевтың шаңырағында шат-шадыман қуаныш. Оған аяулы жары Шолпан Мамашеваның үшемді дүниеге әкелуі себеп. Бұған дейін бес бала өсіріп отырған отбасы енді үш сәбимен толығып, қуанышын еселеді. Сөйтіп, ақындар мен батырлар елі атанған ауданның алтын құрсақ аналары халқымыздың қарадомалақтарының қатарын көбейтті.
Отбасы • 12 Ақпан, 2024
Қарағандыдағы Қарағанды әулеті
Аймағымызда мейманасы тасып, берекесі ұйысқан дәл осындай әулет бар. Қарқаралы ауданының сонау Темірші ауылында зейнет жасына дейін аттан түспей, қой баққан Қарағанды ақсақалдың үрім-бұтағы бүгінде тамырын тереңге жайған.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Батыс Қазақстан облысында «Қаладан – ауылға!» атты бірегей жоба басталғанын хабарлаған едік. Міне, алғашқылардың бірі болып Аят Сисенов деген азамат Қазталов ауданы Болашақ ауылдық округі Жаңатаң елді мекеніне қоныс аударды.