Тағзым • 11 Ақпан, 2024
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-дирижер Мырзағали Айдаболов пен Мәдениет саласының үздігі, композитор-дирижер Мұхаметқали Тінәлинді еске алуға арналған «Дарынгер» атты музыкалық кеш өтті.
Ғылым • 11 Ақпан, 2024
1901-2023 жылдар аралығында 965 адам мен 27 ұйым Нобель сыйлығын иеленіпті. Сол лауреаттардың тек 65-і ғана, яғни 6 пайыздан сәл көбі – әйел. Осы және өзге де мәселелерге орай БҰҰ 2015 жылы 11 ақпанды Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні ретінде бекітті. Бұл қадам ғылым, білім және өзге де салаларда әйелдердің жетістікке ерлермен тең жетуін қамтамасыз етуге шақыруды көздейді.
Қоғам • 11 Ақпан, 2024
Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды
10 ақпан күні Ақмола облысы Щучинск қаласында ер адам жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Ақпан, 2024
Болгарияның София қаласында бокстан өтіп жатқан Странджа кубогының финалына екі боксшымыз жетті, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Ақпан, 2024
Шығыс Қазақстанда өздігінен қар көшкіні жүрді. 11 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында, облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын ауылы- Самар» автожолының 132-шақырымында жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1300 м3 қар көшкіні түскен, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.