Тұлға • 07 Ақпан, 2025
Өлеңмен өрілген өмірбаян (Ақынның «Анкетама қосымша» жыр-баяны хақында)
Жұбан Молдағалиев – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы, өмір жолы туралы аңызға бергісіз әңгіме, естелік айтылып та, жазылып та келеді. Қазақ аман болса, әлі айтыла да, жазыла да бермек.
Сұхбат • 07 Ақпан, 2025
Бекен Ыбырайым, жазушы: Шала таным адастырады, шалағай талғам таластырады
Өткен ғасырдағы 70-жылдардың ортасында әдебиетке бір талантты толқын келді. Олар «біз келдік» деп ешкімге өрекпіген жоқ. Мәдениетті мінез көрсетті. Сыпайылық сақтады. Алдындағы аға буынның бар асылын бойына сіңірді. Көркем сөз өнеріне өзгеше өрнек қосты. Шұрайлы шығармаларымен руханият қазынасын байытты. Бастысы, өнімді жазып, әдебиетке адал еңбек етті. Осы буынның белгілі өкілі, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының лауреаты Бекен Ыбырайыммен сын мен әдебиеттің дамуы туралы әңгімелескен едік.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
Жалағаш ауданындағы Қаракеткен ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде салынған дәрігерлік амбулатория ашылды.
Спорт • 07 Ақпан, 2025
Футзалдан Еуро-2026 додасының іріктеу турнирінде еліміздің құрамасы Астанада Данияны қабылдады. Осыдан бірер күн бұрын ғана жерлестеріміз сырт алаңда осы командадан ойда-жоқта 2:3 есебімен ұтылған еді. Бұл жолы жігіттеріміз жарады. Бәсеке барысында Дуглас Жуниор дубль авторы атанса, Дәурен Тұрсағұлов, Ақжол Дәрібай, Азат Валиулин, Дамир Қайырбай бір-бір реттен нысананы дәл көздеді. Тағы бір голды даниялықтар өз қақпасына соқты. Есеп – 7:3. Осы жеңістен кейін еліміздің футзалшылары 7 ұпаймен жарыс кестесінде көш бастады. Екінші орындағы Арменияның да 7 ұпайы бар. Одан кейінгі сатыларға Албания (3 ұпай) мен Дания (3 ұпай) жайғасты.
Спорт • 07 Ақпан, 2025
«Менің жарысқа барарда арқама асып алатын жол дорбамның түбінде үнемі кітап жүретін. Кітаппен бала күнімнен дос болдым. Әр шығарма кейіпкерінің жақсы қасиетін бойымызға сіңіруге ұмтылдық. Біздің буынның кітап оқуға деген ынтасы жоғары болды. Әдеби кітаптарды баспадан шығып, сиясы кеппей жатып-ақ пышақ үстінен талап әкететін», деп еді Мәскеу Олимпия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров бір сұхбатында. Жақсылық балуанның жеңісті жолын жалғап келе жатқан бүгінгі толқынның кітаппен достығы қай деңгейде? Ел спортының даңқын асырып жүрген саңлақтарды сөзге тартқан едік.