Ақтөбе • 27 Ақпан, 2020
Қазақ халқымен бірге болуымыз - бақытымыз
Қазақ жерін өз отаны деп санайтын диаспоралар Қазақстанға тағдырдың теперішіне тап келген түрлі кезеңдерде келгені хақ. Солардың бірі – поляк ұлтының өкілдері. Бүгінгі күні олар осынау қасиетті де киелі топыраққа тастай батып, судай сіңіп, қазақ халқымен бірге тату-тәтті тірлікте өмір сүріп, еңбек етіп келеді. Біздің ата-бабаларымыздың Ұлы далаға алғаш рет аяқ басуы – сонау ХІІІ ғасырда тіркелген екен. Яғни Арал маңы арқылы Сырдария мен Іле алқабына тұяқ іліктіріп, содан соң Балхаш көлінің тұсынан өткен поляктар – бүгінде тәуелсіз еліміздің ажырамас бір бөлігіне айналды.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Саябаққа кітап пішінді «сөйлейтін» орындық қойылады
Алматының Бостандық ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында кітап пішінді «сөйлейтін» орындық жобасына таңдау жасалды.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2020
2019 жылы Қазақстанның өндірістік нысандарында 28 оқиға тіркелді
2019 жылы республиканың қауіпті өндірістік нысандарында 28 оқыс оқиға тіркеліп, онда 24 адам зардап шекті, оның ішінде 11 адам қаза тапса, 7 адам ауыр жарақат алды және 6 адам жеңіл дәрежеде жарақат алды. Барлық апаттар егжей-тегжейлі тергеліп, тиісті шаралар қабылданды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
VIP нөмір алудан алматылықтар көш бастап тұр
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметіне сәйкес қымбат нөмірлерді сатып алушылар тізімін Алматы қаласы бастап тұр. Алматылықтар 1,2 млрд теңге көлемінде 4,5 мың нөмір сатып алған. Оңтүстік астанадан бөлек VIP нөмірлер үлкен сұранысқа ие аймақтар қатарында Нұр-Сұлтан (2 мыңға жуық нөмір) және Шымкент (1,5 астам нөмір) қалалары бар. Бұл тізімді Солтүстік Қазақстан облысы аяқтап, 99 жүргізуші VIP нөмірлерді сатып алған.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Алматыда Алғыс айту күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Достық пен бірлікті ту еткен салтанатты шараны «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» ұйымдастырылды. Мерекелік шараға кітапхана оқырмандары мен өнерпаздар және мекеме ұжымы қатысты.