Алайда, қазіргі таңда аталмыш нөмірлердің сатылымы төмендеуде. Егер 2019 жылы мамандандырылған ХҚО арқылы қазақстандықтар жалпы сомасы үш миллиардтан астам теңгені құрайтын 12,5 мың әдемі нөмірді сатып алса, 2018 жылы 15000 мыңдай VIP нөмір 3,5 млрд теңгеге сатылған. Бұл жарты миллиардқа көп.
Сонымен, статистикаға сәйкес өткен жылдың қаңтарында Алматыда 541 нөмір 136 450 100 теңгеге сатылған. Ал, 2020 жылдың қаңтарында 503 нөмір 136 450 100 теңгеге сатылған.
Сонымен қатар 2019 жылдың 1 маусымынан бастап керекті сандар мен әріп белгілері бар нөмірлерді мамандандырылған ХҚО-лар мен ҚР ІІМ арнайы тіркеу-тестілеу бөлімшелерінен алуға болатын. Енді бұндай нөмірлер мамандандырылған ХҚО ғана қол жетімді. Олармен арнайы стендтарда танысуға болады. Егер қалаған нөмір стендта жоқ болса қызмет алушы алдын ала сандық және әріптік белгілерді анықтап алып, тапсырыс бере алады. VIP-нөмірлер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары үшін 5 күн, қалған аймақтарға 15 күнтізбелік күн ішінде дайын болады. Нөмірлер әзірленгеннен кейін ғана автокөліктер тіркеледі.
АЛМАТЫ