Құқық • 06 Ақпан, 2025
Жастар арасындағы қылмыс алаңдатады
Шымкент қаласының прокуратурасы өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Бас прокуратураның қызмет басшысы қатысқан кеңейтілген отырысты қала прокуроры Ғабит Мұқанов ашты. Қала прокурорының бірінші орынбасары Нұрғали Жомарт өз баяндамасында шаһарда қылмыс саны жылдан-жылға азайып келе жатқанын ал соттағы тоқтатылған істер артқанын атап өтті.
Тұлға • 06 Ақпан, 2025
Әлемдік энциклопедияға енген Қазақстанның үкімет басшысы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік архив қызметкерлері өте бір маңызды құжат тапты. Ол – еліміз үшін ең бір қиын кезеңде, яғни 1938–1951 жылдары Қазақстан үкіметін 13 жыл басқарған Нұртас Оңдасынов атына Америка Құрама Штатының Нью-Йорк қаласынан шығатын әлемдік энциклопедия редакциясынан келген хат.
Құқық • 06 Ақпан, 2025
Жазығы – өзін-өзі қорғағаны ма?
Павлодардағы «Гоголь» түнгі клубының жанында абайсызда болған кісі өліміне қатысты соттың үкімі жергілікті қоғамның пікірін екіге жарып тұр. Айыпты деп танылған 21 жастағы азамат өз өмірін қорғау үшін төбелесуге мәжбүр болған. Алайда сот оны кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Руханият • 06 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен жиынында «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттық негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Кітап оқырманға қол жетімді болуы керек. Шын мәнінде, озық ойлы, ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деп атап өтті.
Басылым • 06 Ақпан, 2025
Жақында К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде филология ғылымдарының докторы, «Еуразиялық ғылым және өнер хабаршысы» журналының ғылыми редакторы Риза Әлмұханның «Фольклор мен кәсіби өнердің сабақтастығы» атты жаңа монографиясының таныстырылымы өтті.