Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 580, 7 млн АҚШ долларын құрады
Облыс Өзбекстанмен іргелес орналасқандықтан екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайтып, шекарадан өтетін жеке тұлғаларға қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл орайда «Қазығұрт», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» кеден бекеттерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
«Әл-Фарабиден осы күндерге дейін» республикалық ғылыми семинары өтеді
ҰИА және академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты ұйымдастырушылары биыл 29 ақпанда «Ғылым ордасы» ғимаратында «Механика туралы ғылым: әл-Фарабиден осы күндерге дейін» атты республикалық ғылыми семинар өткізеді. Ғылыми семинар көрнекті ғалым-механик, ҰҒА академигі Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 89 жасқа толу қарсаңында өткізіледі.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Алматылық соғыс ардагеріне Президенттен хат келді
Ақпан айының басында Ұлттық ұланның жауынгерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» тағзым эстафетасы аясында әйгілі Панфилов дивизиясының жауынгері, Алматылық Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаевтың үйінің ауласында салтанатты шеру ұйымдастырған болатын. Ардагер өзіне көрсетілген құрметке ризашылық білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдаған еді. Көп кешікпей Мемлекет басшысынан жауап та келді.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2020
Ителгі құсын заңсыз шығару арнасының жолы кесілді
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласында, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарының аумағында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірқатар трансұлттық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Басылым басшылары • 27 Ақпан, 2020
Басылым басшылары - Еркін ҚЫДЫР (1962)
Еркін Қыдыр 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында туған. 1984 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1985-1990 жылдары Шымкент облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде еңбек етті.