Ғылым • 08 Ақпан, 2024
Отандық ғалым обырға қарсы дәрі ойлап тапқанын бұқаралық ақпарат құралдары сүйіншілеп жазды. Дегенмен дерт діңкелеткен жандардың көкейінде сұрақ та, үміт пен күдік те көбейгендей. Санадағы сан сауалға жауап табу үшін ғалымның ғылыми жұмысымен арнайы барып таныстық. Үлкен істің анық-қанығына үңілдік.
Білім • 08 Ақпан, 2024
Бүгінгі талапкер һәм болашақ мұғалім
Рухани бастамалардың жаршысы болуға тәрбиелейтін бірден-бір маман – мұғалім. Ол ұлттық жауһарларға жақын азаматтың қалыптасуына еңбек сіңіріп, берік сабақтастықтың алтын көпіріне айналып отыр. Себебі азаттықтың да, азаматтықтың да ұстанымын ұрпақтан-ұрпаққа аманаттайтын ұстаздар қауымы екені әуелден мәлім. Халық ішінде: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен, тарихтағы ең ұлы кәсіп» деген даналық текке айтылмаса керек. Тарихта өз бағасын алған ұстаздықтың бүгінгі жай-күйі қалың бұқараны алаңдатпай қоймайды. Әсіресе педагогикалық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарына артылған жауапкершілік салмағы орасан. Неге десеңіз, әлемдік аренадағы құндылықтардың өзгеруі, медиакеңістіктің көз ілестірместей дамуы, инновациялық білім технологияларының серпіні сынды факторлар оқу және оқыту ісін айналып өтпесі анық.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
Қыстың екі айы да өтті. Осы уақыт аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың 13 учаскесінде – 76 рет, облыстық маңызы бар 8 учаскеде 43 рет көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Бірақ ортақ талапқа мойынсұнғысы келмейтін жүргізушілер көп. Тәртіпке бағынбай жолға шығып кететіндерді жөнге салатын амал да жоқ. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деп жүрген полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері уақытпен санаспайды. Сарыуайымдары – жазатайым жағдайдың алдын алу...
Құқық • 08 Ақпан, 2024
Тұтынушылар талабы ескерілмеген
Заң талаптарын дұрыс білмеген тұтынушылар сауда-саттық кезінде түрлі келеңсіздікке тап болып жатады. Тиісінше тұтынушы құқығын ескермей, саудасын адал жүргізбеген кәсіпкерлер де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ұмытпағаны жөн. Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары азаматтарды мұндай мәселеге тап болмас үшін өз құқығын егжей-тегжей зерделеуге шақырды.
Көрме • 08 Ақпан, 2024
Астанада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Мәдени өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Иран Ислам Республикасының каллиграфия және жазба мұраларды қалпына келтіру өнері» атты апталығы басталды. Апталықтың алғашқы іс-шарасы «Каллиграфия» көрмесімен ашылды.