Технология • 07 Ақпан, 2024
Болашақта әр ел өзінің тәуелсіз «нейрочиптерін» жасауға күш салуы мүмкін - ІТ маман
Дүниежүзінде нейрочип дәуірі дүркіреп тұр. «Нейрочип» дегенде миллиардер Илон Масктың есімі еске түскенмен, осы «технологиялық төңкеріс» бағытында өзге де жұмыс істеп жатқан компаниялар жетерлік. Мәселен, америкалық Blackrock Neurotech компаниясы 2004 жылы әлемде алғаш рет компьютерді оймен басқаратын құрылғыны миға имплантациялады. Сонымен бірге Neuralink-тің негізін қалаушылардың бірі басқа компания құрып сал ауруына шалдыққан адамдарға арнап Precision Neuroscience имлантын жасады. Масктың басты бәсекелесі Synchron компаниясы Stentrode құрылғысын 2016 жылы нарыққа ұсынып үлгерген. Илон Масктың қарсыластарын қапы қалдырып, ауызға жиі ілігуі «Нейрочип» өндірісіндегі жарнамасының өткірлігімен байланысты.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
Қазақстанда дабыл белгісі қосылады
Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына дабылдың қосылуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Сенаторлар жастар саясатын іске асыру мәселесін талқылады
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Астана жастары» жастар ресурстық орталығында болды. Еліміздегі жастар саясатының өзекті мәселелері талқылаудың негізгі тақырыбы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 07 Ақпан, 2024
Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесті (видео)
Әлеуметтік желіде тасжолда төбелескен жүргізушілердің видеосы тарап кетті. Видеода ашулы жүргізушінің машинаның ішіне ентелей кіріп екінші жүргізушіні ұрып-соққанын көруге болады. Төбелес тасжолдың ортасында болған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2024
«80 жылдан соң»: Майдангер сүйегі туған жеріне жерленді
Екінші дүниежүзілік соғыстың сарбазы Қисым Әдиевтің сүйегі Атырау қаласындағы «Ноғай» мұсылмандар зиратына қайта жерленді. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстанға Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік ұшағымен сарбаздың сүйегі Ресейден жеткізілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.