Қазақстан • 07 Ақпан, 2024

«80 жылдан соң»: Майдангер сүйегі туған жеріне жерленді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыстың сарбазы Қисым Әдиевтің сүйегі Атырау қаласындағы «Ноғай» мұсылмандар зиратына қайта жерленді. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстанға Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік ұшағымен сарбаздың сүйегі Ресейден жеткізілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

«80 жылдан соң»: Майдангер сүйегі туған жеріне жерленді

Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жауынгердің рухына құрмет көрсету үшін қалалық әкімдік өкілдері, Ауған соғысы ардагерлері, тәжік-ауған шекарасындағы бітімгерлік миссияға қатысушылар, Атырау қаласындағы әскери-техникалық мектептің курсанттары жиналды.

Қисым Әдиев 80 жылдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткендер тізімінде болған. Жерленген жерін ресейлік «Феникс» іздеу тобы тапқан. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі оның Атырауда тұратын кіші ұлы Сембай Қисымовты іздеп тапқан.

Майдангердің каскасы мен медалі табысталған баласы Сембай Қисымов іздеушілерге және сүйегін елге қайтаруға атсалысқандарға алғыс айта келе: «Әкемнің мұсылманша кіндік қаны тамған туған жерінде қайта жерленгенін көріп, көңілім жай тапты», деді.