Сұхбат • 05 Ақпан, 2025
Роберт Киндлер, неміс ғалымы: Тарихшы өз зерттеуіне адал болуға тиіс
Неміс ғалымы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпелілер» кітабы – зерттеушінің санжылдық ізденісінің жемісі. Аталған кітапты қазақ тіліне жазушы Өтен Ахмет аударып, «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Ұлтымыздың 1917–1950 жылдар аралығындағы қоғамдық жағдайын баян ететін ғылыми еңбекті жарыққа шығару үшін ғалым Қазақстан мен Ресейдің, басқа да елдердің архивіне барып, тың деректер жинапты. Біз автормен шағын сұхбат құрған едік.
Кино • 05 Ақпан, 2025
Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына биыл тура 55 жыл толады екен. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де көрерменін әлі күнге дейін экран алдында тапжылтпай ұстайтын туындының өн бойында тілмен айтып жеткізгісіз бір тылсым күш бар ма дерсің? Себебі қанша мәрте қайталап көрсең, сонша мәрте жан дүниеңді әлемтапырық күйге бөлейтін фильмнің әсерін құбылыс демесең, қиянат болатындай.
Кино • 05 Ақпан, 2025
Онкүндіктің олжасы: «Қажымұқан» мен «Дос-Мұқасан»
Қазақ киносының онкүндігі Қарағандыдан басталды. Ұлттық киноны қолдау орталығы мен «Қажымұқан» киносының шығармашылық ұжымы жұма күні «Сарыжайлау» кинотеатрына келіп, көрерменмен қауышты. Онкүндіктің олжасы қазақ кинолары ауылдарға жетіп, тегін көрсетіледі.
Спорт • 05 Ақпан, 2025
Жапонияның RIZIN промоуше-нінде күш сынасып жүрген 31 жастағы Қаршыға Дәуітбек өзінің келесі жекпе-жегін 30 наурызда жергілікті файтер Чиниро Судузукиге қарсы өткізеді. Осыған дейін 20 рет октагонға шыққан қазақ спортшысының 17 мәрте мерейі үстем болды. Бір кереметі, соңғы тоғыз кездесуінде жеңіске жеткен ол жеті қарсыласын бірінші раундта-ақ ұрып жықты. Судзукидің шердогі – 18 кездесу, 13 жеңіс, 7 нокаут. Сондай-ақ Күншығыс елінің өкілі кикбокстан да өнер көрсетеді. Бұл ретте 13 мәрте рингке көтеріліп, тек бір рет қана ұтылды, 10 қарсыласын нокаутқа жіберді.
Абай • 05 Ақпан, 2025
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, ұлағатты жолын үлгі етіп келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтеді.