Зерде • 07 Ақпан, 2024
Жамбылдың бір суреті Америкадан табылды
АҚШ астанасына оқуға келгелі менің ең көп баратын жерім – қаладағы үлкен кітапханалар. Осы сапарға аттанғандағы мақсатым бойынша кітапханалар мен архивтерден қазақ туралы деректер іздеуден жалықпаймын, нәтижесі де жаман емес. Небәрі үш айда халқымыз туралы деректері бар жиырмадан астам көне кітап пен сурет қоржыныма түсті.
Қаржы • 07 Ақпан, 2024
Жыл басында еліміз орташа айлық жалақы бойынша 61-орынға шықты. Numbeo сарапшыларының бағалауынша, қаңтар айында біздің елде салықтан кейінгі «таза» жалақы 585 долларды (260,8 мың теңге) құраған. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы орташа атаулы жалақы (үшінші тоқсанда 350,5 мың теңге) бойынша Ұлттық статистикалық бюроның соңғы деректерінен айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ ресми орташа жалақыға (230,9 мың теңге) айтарлықтай жақын. Сондықтан Numbeo деректерін шындыққа жақын деуге болатындай.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Атты адамның ақылы төбесінде...
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан жол апатынан көз жұмғандар санының көптігінен алдыңғы қатарға шығады екен. Бұл мәселенің себебі көп, салдарына бойлау да ауыр. «Egemen Qazaqstan» газетінің өткен жылғы 30 қарашадағы «Жол апаты азаймай тұр» атты мақаланы жақында көзім шалып қалды. Мұнда кейінгі 30 жылда елімізде жол-көлік апатынан 83 мыңнан аса адамның қаза тапқаны айтылады. Жыл сайын жол үстінде ажал құшқандардың саны 6 пайызға өсіп отырғандығы да дерек ретінде келтірілген.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2024
«Уәде етілген 4,5 млн теңге берілген жоқ». «Майқайыңалтын» кенішінде қаза болған азаматтың қызы
Майқайыңдағы алтын кенішінде автобуспен бірге жер астына түсіп кетіп, қаза болған Олег Тышкевичтің қызы отбасына тиесілі өтемақының дұрыс төленбей отырғанын айтады. Марқұм әкесі кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалында 27 жыл еңбек еткен.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Декреттегі ананың жәрдемақысы қанша?
ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстанның демографиялық ахуалы жақсарып келеді. Нәтижесінде, былтыр халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Демографияның өсуі аналардың денсаулығы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты. Сондықтан мемлекет бұған ерекше назар аударып, жыл сайын әлеуметтік төлемдердің көлемін арттырып келеді.