Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
70 млн тонна мұнай экспортталды
Қазақстандық мұнай экспортының 75%-ы «Каспий Құбыр Консорциумы» магистралдық мұнай құбыры арқылы жеткізілді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев хабарлады.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Туып-өскен жердің, достар мен жақындардың, етене таныс салт-дәстүрлердің қаншалықты ыстық екенін туған елден жыраққа кеткенде түсінетінің заңды.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Облыс орталығындағы Балалар көркемсурет мектебінде осы білім ұясының ұстазы, суретші Алтын Қисамединованың «Әр суретте – өмір сәулесі» атты жеке көрмесі өтті. Көрмеге «Қазақ әйелдері», «Менің қалам», «Қала көшелері, «Алматы» және Үлкен Алматы көлінің жанындағы табиғат көріністеріне арналған 20-дан астам сурет қойылған.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанаты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде студенттер қауымының еріктілік пен қайырымдылықтың қуатты ресурсы екендігін айта келіп, Үкіметке волонтерлікпен айналысатын студенттердің стипендиясын арттыруды тапсырған болатын.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
1961 жылдың 26 ақпанында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен Целиноград ауданының «Новый быт» және «Большевик» колхоздарының біріктірілуі нәтижесінде «Родина» кеңшары құрылды. Биыл Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович Сауэрдің бұл шаруашылықты басқарғанына тура 34 жыл толады. Кезінде осы шаруашылық тізгінін алғаш болып Н.Тимошенко ұстады, одан кейін А.Савенко директор болып тағайындалды. Біріншісі − 12 жыл, соңғысы оған 14 жыл жетекшілік еткен. Бірақ бұл кеңшар сол кездері жақсы көрсеткіштерімен көзге түсе алмады. Тіпті бара-бара шеттетілген ауру-сырқау малдардың ірі фермасына айналғанын да ел ұмыта қойған жоқ.