Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Алматы қаласының аудандарында республикалық «Көктем-2020» атты командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары өтті. Республика бойынша өтіп жатқан көктемгі дайындық шаһардың барлық ауданында күшейтілген. Жауаптылар биыл қалада сел жүру қаупі жоқ деп отыр. Оған қар көлемінің нормадан аз түсуі себеп.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев Ақпараттық коммуникациялар орталығында брифинг берді.
Абай • 27 Ақпан, 2020
Алматыда Абай мұрасын асқақтатқан кеш өтті
Ұлт руханиятының алтын бесігіне баланатын Алматы төрінде Абай әндері әуелеген әсем кеш өтті. Республика сарайында шымылдығын түрген мазмұнды шарада поэзия мен музыка салтанат құрып, ойшылдың ілімі жаңа сипатта көрініс тапты. Айтулы кешке Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
Спорт • 27 Ақпан, 2020
Мароккода белдесетін дзюдошылар анықталды
6-8 наурыз аралығында Марокконың астанасы – Рабатта дзюдодан Гран-при додасына өтеді. Бұл жарыста 95 мемлекеттен келген 600-ге жуық балуан бақ сынайды деп күтілуде.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Көлігіне VIP нөмір алуда Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары көш бастап тұр
Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар екені белгілі. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей сандарға, әріптерге тапсырыс бере алады.