Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Алматыда сел жүру қаупі жоқ

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының аудандарында республикалық «Көктем-2020» атты командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары өтті. Республика бойынша өтіп жатқан көктемгі дайындық шаһардың  барлық ауданында күшейтілген. Жауаптылар биыл қалада сел жүру қаупі жоқ деп отыр. Оған қар көлемінің нормадан аз түсуі себеп.

Алматыда сел жүру қаупі жоқ

Төтеншелік мамандар тіпті, алдағы уақытта су тасқыны болғанның өзінде, келер қауіпке сақадай саймыз деп отыр.     

Әсіресе, Наурызбай, Алатау аудандарында орналасқан «Қарғалы» өзенінде сақтық шаралары күшейтілген. Арнайы жасақталған топ өзенді қоқыс қалдықтары мен қатқан мұздан толықтай тазартты. Шараға Ұлттық гвардия өкілдері, азаматтық қорғау қызметкерлері мен төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері тартылған.

«Жалпы Алматы қаласы бойынша 6500 адам, 1370 техника, 142 арнайы мотопомпа, 102 электрогенераторлар және де 13 мың қап, 70 мың тонна инерттік заттар осы кезеңге дайындап отырмыз. Алматы қаласында биылға су тасқыны қаупі жоқ деп айтамыз»,  – дейді   қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков.